ТЕРМОДИНАМИКА

lat: TERMODINAMIKA

рек. therme-dynamіs] з а т. ф и з. Физиканың термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі макроскопиялық жүйелердің қасиеттерін және осы күйлердің арасында өтетін процестерді зерттейтін саласы. Ол көптеген тәжірибелердің нәтижесінде тұжырымдалған бірнеше кешенді принциптерге сүйенеді. Осы принциптердің (т е р м о д и н а м и к а заңдарының) көмегімен статистикалық физикада зат бөлшектерінің (молекулаларының) қозғалысы сипатталып, т е р м о д и н а м и к а н ы ң қолданылу шекарасы анықталады. Т е р м о д и н а м и к а н ы ң қолданылу ауқымы статистикалық физикаға қарағанда әлдеқайда кең; себебі, ол физиканың, химияның т.б. ғылымдардың көптеген бөлімдерінде пайдаланылады (ҚҰЭ). Т е р м о д и н а м и к а заңдарын ашу үшін барлық машиналарды зерттеудің қажеті жоқ, бір машинаны зерттесе болды (А.Қасымжанов, Диалектика.). Өсімдіктердегі барлық судың сақталуы т е р м о д и н а м и к а заңына сүйенеді (Ж.Жатқанбаев, Су және өмір).