lat: TERMOS
[г р е к. thermos] з а т. Ішіндегі заттың жылылық не суықтық температурасын бірқалыпты сақтайтын арнаулы ыдыс.
Ол термостағы ыстық шайының ең соңғы кружкасын төңкере құйып берді (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Термос қақпағы ашылған жоқ. Әркім үнсіз орнынан тұрып, өз бұйымдарын жинай бастады (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).