ТЕРМОС

lat: TERMOS

рек. thermos жылы, ыстық] з а т. Ішіндегі заттың жылылық не суықтық температурасын бірқалыпты сақтайтын арнаулы ыдыс. Атқаратын міндетіне қарай тұрмыстық және қоғамдық тамақтандыруға арналған т е р м о с болып бөлінеді. Тұрмыстық т е р м о с Дьюар ыдысы тәрізді, металл немесе пластмасса қаппен қапталады. Аузы тар және кең болып шығарылады; қақпақпен немесе тығынмен жабылады (ҚҰЭ). Ол т е р м о с т а ғ ы ыстық шайының ең соңғы кружкасын төңкере құйып берді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Т е р м о с қақпағы ашылған жоқ. Әркім үнсіз орнынан тұрып, өз бұйымдарын жинай бастады (Ғ.Мүсірепов, Кездеспей кеткен бір бейне).