lat: TEZ
з а т. 1. этн. Киіз үй сүйегін: уық, кереге т.б. жасайтын ағаштарды морлағаннан кейін түзейтін, иетін құрал.
Тез қасында қисық ағаш жатпас (Мақал).
Қисық ағаш түзелер, Тезге салып морласа. Ақ тұйғын келіп ілігер, Алдын жайып торласа (XVIII–XIX ғғ. қаз. ақын.). Кеткен соң жұмылып көз, бүгіліп бел, қиын да түзетуің басын тезбен. Сексенде көңіліңді кеудең қылмай, Жүрерсің өкпелесіп екі безбен (Базар жырау, Шығ.).
Тез – қисық ағашты түзету үшін, не болмаса түзу ағашты белгілі пішінге келтіріп ию үшін қолданылатын құрал (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
а у ы с. Түзу жолға салатын, қателікті, кемшілікті түзейтін өмір талқысы.
Неткен қатал еді өмір тезі(З.Шашкин, Сенім).
Көптің тезін көрмеген, Бірге өскен төлменен. Жан аясы тар еді, Жат мінезі бар еді (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.).