ТЕЗ

lat: TEZ

(пар. тез تيز) жылдам, шапшаң, лезде.

Өтүнемін тез жаһат үшбу мәктүбім барған сағат мәзкүр ләшкер илә харакат қылдұрғай ердіңіз (1785 жылы Нұралы ханның әскер шақырған хаты).

Ағалы-інілі екеудің, Бітті тезден ажалы («Асанқайғы, Тоған, Абат». Қырымның қырық батыры. 2005).

Жанәбілдің сөзінен, Жауап берді тезінен («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Тезінен барып тез тілдес, Қай жағынан келді екен («Жаскелең». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Тез халде сол мезетте.

Тез халде Хасрауылды ұрып жықты, Ләшкерлерін қой мысалы қуып қырды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Тездік [тезлік] илән [илә] шапшаң, лезде.

Өзіңе жылдам барып жолығар ем, Тездікпен өліп кетсем ажал жетіп («Орқа Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Жетіңіз тездік илән анда, деді, һәлак қылып қоймасын Меһіранды, деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).

Бұны естіп Тамус сұлтан шат болды, Тезлік илән ләшкер алып, тышыра шықты («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Дүниеден тезлік илән қылсам сапар, Дертім сол Мәжнүнге көп ұятым бар («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Қайтұр есітіп, тезлік илә әскер жиды,Тез барып, байлап әпкел мұнда” деді («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).