lat: TEZIS
з а т. 1. Шығарманың, баяндаманың, сөздің қысқаша желісі, негізгі ойы, пікірі.
Тезис жаз дүмбілездеу сырлаңқырап, Кітап жаз одан-бұдан ұрлаңқырап. Сирақтай шала үйтілген өлең жазып, Оныңды өңештей бер, бұлдаңқырап (І.Жансүгіров, Шығ. жин.).
Сіз осы тезисті ана жылы да айтқансыз, – деді ол қопаңдап (З.Шашкин, Доктор.).
Әпенделер. Қандай ақын көнеді? Ақын болса, жаралмаған жан боп тек. Тезистер мен анкеттер боп өлеңі, Кім тезистер, анкеттермен әндетпек?! (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
2. Белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида, тұжырымдама; басты идея.
Қазақстан халқы өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі болып табылады деген бастапқы тезисті алсақ, онда Президентпен қатар Жоғарғы Кеңеске берілген бүкіл халық атынан сөйлеу құқығының Қазақстан халқы тікелей оларды сайлаған нақ солардың ғана мемлекеттік өкімет билігін қорғаушылар екендігі туралы айғақтайтынын байқау қиын емес («Ақиқат»).