lat: TIİMDİ
с ы н. 1. Пайдасы, табысы мол.
Өзімізге қажет әртүрлі мамандығы бар жас жұмысшыларды өзімізден, осы жерден әзірлей бастаған өте тиімді (С.Бақбергенов, Кентау).
Күтетін құрмет, Сыйыңды туысқан, Туған жалғыз ба?! Шеншекпен жағы тиімді Бұйырды біраз балдызға (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
2. Қолайлы, жағдайлы, ыңғайлы.
Мүмкін жауласпай-ақ Жұныс жағына шыға салғаным тиімді болар? (І.Есенберлин, Алмас.).
Болашақ үлкен Жезқазғанның мәселесі бұрын шешілген еді, енді теміржол қатынасының тиімді варианттарын қарауға шақырыпты (Ж.Дүйсекеев Гүлден.).