ТИІМДІ

lat: TIİMDİ

с ы н. 1. Пайдасы, табысы мол. Өзімізге қажет әртүрлі мамандығы бар жас жұмысшыларды өзімізден, осы жерден әзірлей бастаған өте т и і м д і (С.Бақбергенов, Кентау). Мал бағуда баяғы мен бүгінгінің т и і м д і жағын іздестіріп жүретін Томекеңе парторг ренжіген жоқ (М.Дүзенов, Әке бол.). Күтетін құрмет, Сыйыңды Туысқан, Туған жалғыз ба?! Шен-шекпен жағы т и і м д і Бұйырды біраз балдызға (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). 2. Қолайлы, жағдайлы, ыңғайлы. Мүмкін жауласпай-ақ Жұныс жағына шыға салғаным т и і м д і болар? (І.Есенберлин, Алмас қылыш). Болашақ үлкен Жезқазғанның мәселесі бұрын шешілген еді, енді теміржол қатынасының т и і м д і варианттарын қарауға шақырыпты (Ж.Дүйсекеев Гүлден. өмір). Отырғызылған жеміс ағаштарының қысқы суыққа төзімділігін және өнімділігін арттыруға арналған т и і м д і агротехникалық әдістерді ойлап табу қажет (Ш.Хабибуллин, Алхоры.).