ТИІМДІЛІК

lat: TIİMDİLİK

Күнделікті еңбекте тиімділік ұғымы едәуір қарама-қайшылықты. Техникалық тиімділіктің біршама төте мағынасы бар және өндірілетін өнімнің көлеміне қарай жабдықка енгізілетін энергетикалық өндіріс факторларының қатынасын (оны өлшеу қиын, тіпті мүмкін болмағанымен) бейнелейді. Бірақ техникалық оптимум барынша экономикалық тиімділікке сай келе кететіндей ешқандай себеп жоқ Мінсіз жұмыс істейтін жабдық қаражатқа байланысты тоқтатылуы мүмкін. Адам ресурстарын тиімді пайдалану, адамның немен айналысатынына қарамастан осынау екі сәтті де: психологиялық күш-жігерді салиқалы пайдалануды да, ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді міндеттерді орындау үшін маңызды болуы мүмкін психологиялық есендікті (мысалы,стреске ұшырамау) да көздейді; немесе ұйымдастырушылық жөне әлеуметтік тиімділік, мысалы, жұмыссыздық немесе құрылымдық өзгерістер кезінде адам капиталы жағынан шығынға ұшырамау. Осынау қарама-қайшы ұғымдардың үстіне, тиімділік ұғымы сондай-ақ сайып келгенде дара және әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізуге жәрдемдесетін не нәрсе екенін сипаттайтын негізгі, бәлкім, тіпті салыстыруға келмейтін мағыналары бар мәселелерді қозғайды.