lat: TIİMDİLİK
з а т. 1. Пайдалылық, қажеті молдық.
Жаңа әдістің шаруашылық үшін экономикалық тиімділігінің өзі бір төбе (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).
Істелгелі отырған жиһазың халық мұқтажына жарай ма, оның тиімділігі қандай, осы жағын мұқият қарастыру керек (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).
2. э к о н. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші.
Тиімділік шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстарменарақатынасын көрсетеді (ҚҰЭ).