Тиеу

lat: TIEÝ

Тие етістігінің қимыл атауы; жүк арту.

Сіздің дивизияға қазақ халқының сәлемдемесі бір вагон күріш, бір вагон балық бермекші едік. Соны дайындап, вагонге тиеу үшін біраз күн осында бөгелулеріңізге тура келеді, деді Төлебаев (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.).

Ашық кен орындарының қарышты қарқынмен дамуы жетілдірілген, өнімділігі жоғары бұрғылау, тиеу және тасымалдау жабдықтарының арқасында мүмкін болып отыр (Т.Қалыбеков, Экология.).