Тиеуші

lat: TIEÝSHİ

з а т. Жүк артушы.

Ынтықбай 1949 жылдан Балқашта тиеуші болып жұмыс істейді (Т.Қойшыманов, Қоңырат.).

Жүк қаншама машиналық, арбалық, Тиеушісі колхоздағы бар халық (X.Ерғалиев, Сенің өзенің).