lat: TIP
[г р е к. typos] з а т. 1. Үйлес келетін заттар мен құбылыстар тобы; түр, тұлға.
Кентау – жаңа типтегі жас қала, ағашты, көгалды қала (Б.Тоқтаров, Қыран.).
Осы жылдары тұрғын үйлердің қазіргі типтерінің негіздері қалыптасты (X.Арғынбаев, Археол.).
2. ә д е б. Бірнеше адамның мінез-құлық ерекшеліктерін образын көрсететін жинақтау бейнесі.
Ғабиден типтерді де, типтік жағдайларды да өзіміздің совет шындығынан алып өсіп келеді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Советтік қоғам адамның жаңа типін жасады, бәрінен бұрын мені таң қалдыратыны – осы («Қаз. әдеб.»).
3. з о о л. <лат. phylum> Жануарларды жүйелеуде қолданылатын ең жоғары топ.
Әрбір типке жататын жануарлардың бәріне тән ортақ белгілері болады. Шығу тегі, құрылысы, физиологиялық ерекшеліктері ұқсас кластар бірігіп, типті құрайды (Қаз. тілі термин. Био-логия).