lat: TIPYLDA
е т. 1. Тып-типыл ету, тегістеу.
Ел-елден ұста жиып, дүкен құрып, Кірісті зор мұнара тұрғызуға, Типылдап мәрмәр тастан тіліп, қиып (Ө.Тұрманжанов, Бозша торғай).
2. Тақырлау, тақыр ету.
Шашын ұстарамен типылдап алғызған көк жалтыр басын таныды да, үйдің маңына барғысы келді (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.).
Әбдікәрім ұстарамен типылдап қырған жылтыр басын бір сипап өтті де, тұқыл иегін сәл көтеріп, ойланып қалды (С.Омаров, Қиыр жол).