Тираж

lat: TIRAJ

р а н ц. tirage] з а т. 1. Баспадан шыққан белгілі бір кітап, журнал, газет т.б. жалпы саны, таралымы.

Ұлы жазушының кітаптары дүние жүзіндегі барша халықтардың тілдерінде сан миллион тиражбен шығарылуда (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.).

Әуезов эпопеясын көп адам оқыған. Тек Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде “Абай жолы” 17 рет басылып шығыпты, әр жылы 400 мың, 300 мың, 200 мың, 100 мың тиражбен жарық көріпті. Жалпы, тек Ресейдің өзінде бұл роман 1 миллион 967 мың данамен басылған екен (“Абай”).

2. Облигацияның (заем, лотерея) құнын төлеу үшін жарияланған ұтыс номерлерінің кестесі.

Ұтыс тиражы 1965 жылы 19 декабрьде «Правдада» жарияланды («Қаз. әдеб.»).