ТИРАЖ

lat: TIRAJ

з а т. 1. Баспадан шыққан белгілі бір кітап, журнал, газет т. б. жалпы саны, таралымы. Ұлы жазушының кітаптары дүние жүзіндегі барша халықтардың тілдерінде сан миллион т и р а ж б е н шағарылуда (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері). Қазір Қазақстанның баспалары жылына 30 миллион дана т и р а ж б е н кітаптар шығарады («Қазақст. әйелдері»). Әуезов эпопеясын көп адам оқыған. Тек Мәскеу мен Санктетербургтің өзінде “Абай жолы17 рет басылып шығыпты, әр жылы 400 мың, 300 мың, 200 мың, 100 мың т и р а ж б е н жарық көріпті. Жалпы, тек Ресейдің өзінде бұл роман 1 миллион 967 мың данамен басылған екен (“Абай”). 2. Облигацияның (заем, лотерея) құнын төлеу үшін жарияланған ұтыс номерлерінің кестесі. Ұтыс т и р а ж ы 1965 жылы 19 декабрьде «Правдада» жарияланды («Қаз. әдеб.»).