Сол мемлекет я ұлттық-мемлекеттік (ұлттық-аумақтық т.с.с.) құрылым соның атымен аталатын Этностың тілі. Титулды тіл терминінің мағынасында бірқатар эмоционалдық коннотациялар бар, солай бола тұра мына сияқты себептерге байланысты қолданылады: а) Тұрғылықты тіл ұғымының көлемімен сəйкес келмейді; ə) (Халықтың немесе Этностың емес) Этностық топтың тілін белгілеу үшін жиі қолданылатын Этностық тіл терминімен шендестіріледі; б) ТМД елдеріндегі тілдік ахуалды талдайтын қазіргі еңбектерде кеңінен қолданылады (қар. Автохтондық тіл, Мемлекеттік тіл, Тұрғылықты этнос, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, Ресми тіл, Титулды этнос).