lat: TITAN
[г р е к . tіtan] з а т. х и м. Элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы химиялық элемент; ең мықты және төзімді металл.
Қазақстан марганецтің, молибденнің, көмірдің, калий және басқа да минерал тұздарының, жаңа техникада өте маңызды роль атқаратын никельдің, титанның, кадмийдің, индийдің, сол сияқты тағы басқа толып жатқан элементтердің қоры жағынан да СССР-да алдыңғы қатарлы орындардың бірін алып отыр (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Титанның газдарды алатын қасиеті вакуумдық техникада пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен.).