Тоғысу

lat: TOǴYSÝ

Тоғы етістігінің қимыл атауы.Түйісу, тоқайласу.

Сай-сала мен жылғада тарамданған қар суы қыстақтың оңтүстік іргесіндегі асау өзен арнасында тоғысуға асыққандай сарқырап ағып жатыр (З.Жәкенов, Таң самалы).

Тулап аққан үш тау суының дәл бір жерге келіп тоғысуына Жекей әлдебір қасиетті нәрседей сүйсініп қарады (Б.Нұржекеев, Бір ғана.).

2. Кездесу, ұшырасу.

Қаланың тарихи орындарын аралап, қайтар мезгілде орталық алаңда тоғысуға келістік (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.).

Қатар аққан қос өзен сияқтымыз қазір біз, Тоғысуға әзірміз, табысуға әзірміз (М.Шаханов, Ғасырлар.).