ТОҒЫШАР

lat: TOǴYSHAR

сын. Ой-өрісі тар, түк көрмеген, түк білмейтін, таяз (адам).

Бұл не өзі, найзағай, дауыл ма?

Болмаса, нөсерлі жауын ба?!

Болмаса, күреске шақырған,

Ашу ма, ұран ба, дабыл ма?!

Болмаса қарғыс па айтылған,

Қатыгез, тоғышар қауымға?! (1,113).

Қазір ақындар арасында: «Ұзақ дастан кімге керек», деген тоғышар қауесет таралып жүр (4,317).