lat: TOǴYSHAR
сын. Ой өрісі тар, түк көрмеген, ұсақ (адам).
Мектептен оқып шыққандар шетінен тоғышар… (М.Дулатов, Шығ.).
Әттең кештеу, тым кештеу ояныппын,
Қарайтындай қараға боянып күн.
Тоғышарға тоқтау сөз айта алмастан
Жүрер жолдың шетіне таяныппын (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Бұл не өзі, найзағай, дауыл ма?
Болмаса, нөсерлі жауын ба?!
Болмаса, күреске шақырған,
Ашу ма, ұран ба, дабыл ма?!
Болмаса, қарғыс па айтылған
Қатыгез, тоғышар қауымға?! (М.Мақатаев, Шығ.).
Бүкіл жылқышы еңбегіне деген ойды кейбір тоғышарлардың үстірт пайымдауларымен өлшенген жеңіл таразыға салып кетті (Саржайлау).