Тобыр

lat: TOBYR

з а т. 1. Белгілі бір ортақ мүддемен уақытша топтасқан адамдар жиыны.

Тобырды қалыптасу жолына және мінез-құлқына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: кездейсоқ тобыр, шартты тобыр, экспрессивті тобыр, әрекетшіл тобыр (ҚҰЭ).

Көрінді ар жағынан қара шоғыр,– Сайдағы күтіп жатқан біздің тобыр. Жүгірдік жан ұшырып сол мезетте, Кетпейді көз алдымнан кезім со бір (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

2. с а я с и. Өз ырқын, мүддесін, саяси, әлеуметтік т.б. талап-тілегін білдіру үшін көшеге, митингіге, бейбіт шеруге, ереуілге шыққан адамдар шоғыры.

Тобыр тұрақсыздықпен, қатысушылардың байланысының және өзара әрекеттесуінің тарлығымен сипатталады (Саяси түс. сөздік).

3. Жарлы-жақыбай, кедей-кепшік.

Өгізбен адам жіберді Қалың жатақ тобырға. Қалмай келді қақтыққан, Еркек, әйел тойына (О.Шипин, Дастан.).