lat: TOI
зат. Ірі-ірі қуаныштар мен мерейлі күндерді атап өту мақсатында жайылған аста-төк дастарқан, дүбірлі салтанат; думан.
Ағайдың тойы жасалды,
(Арманым еді қашанғы).
Қуанған көңлі босанды,
Әжем де көзге жас алды (3,158).
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей?
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау – шапан, мынау – атың, мін!», – демей (3,252).