lat: TOI
ет. 1. Лықа тамақ ішу, ішіп-жеу.
Киінерсің, тоярсың, ішінерсің,
Біреуден зор, біреуден кішірерсің.
Хан көтеріп алса да, Алматыңды
Амалсыздан есіңе түсірерсің (2,295).
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді (4,136).
2. ауыс. Әбден ығыр болу, мезі ету.
Түргелем де, таямын ауылыма,
Жараспайды қалаңыз тау ұлына.
Кеңірдектен тойдым-ау, жетер енді,
Бұл қаланың ойыны, сауығына (1,164).
3. Болымсыз тұлғада қолданылып, «құнығу», «ашкөздену» д.м. береді.
Сол кезде қарағаны сондай бөтен,
(Әлде мені кімсің деп ойлай ма екен.)
Сонда білгем сезімнің құдіретін,
Сезімде қанағат жоқ, тоймайды екен (1,145).
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем, тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем (1,291).