lat: TOI
з а т. 1. э т н. Қазақ халқының мәдени өмірінде ерекше орын алатын адамның дүниеге келуі, үй болуы, не түрлі қуанышты кезеңдерін атап өту дәстүріне сәйкес өткізілетін дүбірлі салтанатты жиын [Қазақтың дәстүрлі тойына әдетте той иесінің отбасы, жақын туысы, көрші-қолаңы, алыс ағайыны, құда-жегжаты, дос-тамыры, ауыл-аймағы шақырылады, әрбір қуанышты оқиғаға қатысты той сценарийі әртүрлі болады, қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша, өзіндік ырым-жоралғы, жол-жосыны, тарту-таралғы, сый-кәделерімен атқарылады ]
Той болса тон киелік, жүр, баралық, Бірімізді-біріміз аударалық. Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер, Күлкіні онша күйлеп, шуламалық (Абай, Тол. жин.).
Береді тойға жас сән, жасқа той сән, Өлеңді айта алмайсың асқа тойсаң: Өлеңді он екі алуан қаптатайық Осындай бас қосқанда қасқа-жайсаң (Қара өлең).
2. Біреудің мерейлі қуанышы не бір салтанаттың, мерекенің құрметіне байланысты өткізілетін жайылған дастарқан, дүбірлі, қуанышты жиын, думан.
– Ән демекші, мектеп тойына арнап сауық кешін әзірлеу керек-ау – деді мұғалім (Б.Майлин, Шығ.).
Әзербайжанды аралап Низами тойынан оралған сапарында сол кезде Қостанайда тұрған Қасым телеграмма берді (С.Мәуленов, Үркер.).
3. а у ы с. Кең, дарқан (көңіл).
Достық үшін қол жетпестен құс ілген Көкірегім ұлы дарқан той мынау. Кейбір жанның ақ ниеті үшін мен Құрбан болсам деймін-ау (Т.Айбергенов, Мен саған.).
Ас бергенін той деді. Жаманды жақсы деді, озбырлығын қайырымдылық қылып көрсетті. Ас бергенін дейді той, Ол – қасапшы, бұлар – қой, Көп мисызда болмайды ой, Бұл не қыл-ған ел еді! (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).