ТОЙ

lat: TOI

Әдет-ғұрып дәстүрі. Адамның дүниеге келуі, үй болуы, не түрлі қуанышты кезеңдерін атап өтетін дәстүр т о й аталып келеді (ҚҰЭ). Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, наурыз, ұрын бару т о й л а р ы (ҚҰЭ). Бұл т о й л а р д ы ң бүгінде мүлдем дерлік ұмыт болған түрі ұрын тойы. Күйеудің алғаш рет ресми түрде қалыңдықты көру мақсатымен қайын жұртына баруын «ұрын бару», қайын жұрты оның бұл сапарын «ұрын келу» деп атаған (ҚҰЭ).