ТОЛҒАН

lat: TOLǴAN

ет. 1. Бір нәрсе жайында тереңірек ойлану, кеңірек қиялдану.

Мың рет Ақжан толғанып,

Өзімен-өзі кеңесті.

Бәрі де аян болды анық

Әйтеуір, өсек емес-ті (2,320).

Мазалап қайтем,

Ойлансын жас жан, толғансын.

Байламға келер ойланып әбден болғансын.

Асау өмірдің асау атының тізгінін,

Естияр жігіт ойланып барып қолға алсын (3,29).

2. ауыс. Толқу, тебірену.

Кел, ақын; ойлан ақын; толған ақын.

Шын ақын шын қырандай қомданатын.

Кезің келді Сәкен боп ұран тастап,

Қасымдай жүрегімен толғанатын ,

Қаламын қаруындай қолға алатын (2,56).

Ескі көздер бара жатыр азайып,

(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).

Ей, тірілер! Соларды бір еске алып,

Тебіренейік, толғанайық, жазайық! (2,375).