lat: TOLǴAN
е т. 1. Бір нәрсе жайында терең ойланып, кеңінен қиялдау.
Әйтседе қай талқының тұсында да оның түйінді жерлерін дәл басу үшін сансыз ойлар кешіп, тоқсан толғанатын сәттер көп-ақ (Ә.Ибрагимов, Наз).
Өмір – өмір, ойлайсың, толғанасың, Жастық шағын аңсайды қарбаласын. Мұңаяды жиырма бес – қызық дәурен, Көкке осылай шаншылып қалмағасын (Т.Айбергенов, Мен саған.).
2. Кіжіну, ызалану.
«Ойда қайрат, бойда күш тұрғанда неден қысыламын, бүйтіп жүргенше ата жауыммен бетпе-бет кездессем екен» деп те толғанады (Н.Әбуталиев, Қайран Нарын).
3. Аңсау, сағыну.
Сорғалар жауын жеріне, Толғанар жан еліне (І.Жансүгіров, Шығ.).
4. Мазасыздану, уайымдау.
Ұлы елім, сұлу елім, терең елім, Сен маған, мен де саған керек едім. Толғанам кеткенімше, қаламымды, Қалдырып біреуіне немеренің (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
5. Бар күшін салу.
Домбырамды қолға алып, Қырандайын қомданып, Мен де шашу шашайын Тереңнен тартып толғанып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Егер олар мінбелерден толғанса, Қысқарады қиын өткел, жол қанша. Бұл өмірде алынбайтын жоқ қамал, Егер олар байлам жасап, қолға алса! (М.Мақатаев, Шығ.).
6. а у ы с. Керілу, кербездену.
Ай аспанда толғанып, тебіреніп, Күн бой жазып, кетеді жерім кеңіп. Ән аққудай айдында саңқыл қақса, Жан-жануар тыңдайды мейірленіп (К.Салықов, Жезкиік).
Жуынды ақ білегін жең сыбанып, Тарқатты қара шашын шолпыны алып. Көпіртіп жұпар сабын бұрқыратып, Жуынды саумал суға мойнын керіп. Аққудай көлде жүзген, жүз толғанған(Ә.Найманбаев, Шығ.).