lat: TOLǴANT
е т. 1. Толғандыру, тебіренту, ой салдыру.
Толғантар, толғақ салар, толықсытар Аспанға ащы дауыс шырқап қалқып (І.Жансүгіров, Шығ.).
Тердің қадірі, нанның қасиеті осындайда кәріні де, жасты да, кемел ойлы мен кем ақылды да бір толғантып өтетіні ақиқат (Ә.Жәмішев, Армысың.).
2. Алаңдату, мазасыздандыру .
Жоғалған шылбырына оралған мұң, Біздерге қызметші болар бар күн. Туған ел, алтын бесік, толғантады Бүгінгің, ертеңгің мен одан да арғың (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
Толғантып тоқсан түрлі қыз көңілін, Жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті (І.Жансүгіров, Шығ.).