Толқу

lat: TOLQÝ

 з а т. 1. Әділетсіз іске қарсы білдірілген жаппай наразылық.

Көпшілікте толқу бар, бірақ қарулы топтан қорқады, өздері де айдауда кетіп бара жатқанмен тең (Т.Тілеуханов, Өмір.).

1835 жылғы Башқұрттағы көтерілістер, 1837 жылғы Пермь губерниясындағы орыс шаруаларының толқуы осылай басталды (И.Кенжалиев, Тайманұлы.).

2. с у ш а р. Су бетінің тербелмелі қозғалысы, жал-жал толқын.

Толқу ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен атмосфералық қысымның ауытқауларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылуларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы (Қаз. Тілі Термин. Су.).