Толқу

lat: TOLQÝ

Толқы етістігінің қимыл атауы.

Өзгеру.

Бөлімше меңгерушісінің басында ой ағымының осылай толқуына себеп күн ажарындағы жайсыздық белгісі еді (Ұ.Доспанбетов, Қардағы гүл).

2. Күдіктену.

Осынау жым-жырт тыныштық, мынау жарықтық түн менің толқуымды бірте-бірте күшейтіп барады (Б.Мұқаев, Өмір.).

3. Сағыну.

Туған жер, ризамын тұрсаң күтіп, Келтірмей жатыр толқу мұршамды түк. Мен саған салт ат мінген жолаушыдай, Келемін құс Жолынан нұр шаңғытып (Т.Айбергенов, Мен саған.).

4. Ішкі сезім.

Іштегі толқу бетімнен десаз берді ме, жаныма келіп отырған Ақбаян маған күлімсірей қарады (І.Есенберлин, Алтын құс).

Қобалжу, екіұдай болу. Ақыл жеңіп тоқтатты Қорқу менен толқуды. Кенет сүңгіп жөнелді Тұңғиыққа толқынды (Қ.Жармағамбетов, Дәурен).

Абдырау, не істерін білмеу. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің күші бірдей көрінсе, адамда толқу пайда болады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Жылатқан жоқсың талайды, Жырыңды жауыз оқ та атып, Дүние саған қарайды, толқуын бір сәт тоқтатып (М.Мақатаев, Шығ.).

7. Толқындану, бұйралану.

Ойланып тұрсың, толғанып, Толқу бар бұйра шашыңда. Барады тұлғаң зорланып, Ғасырды аттап, ғасырға (К.Салықов, Жезкиік).