lat: TOLQÝLY
с ы н. 1. Ашу-ызалы.
Сырымбай жұрттың толқулы, даулы сөздеріне қипақтай бастады (М.Қуанышбаев, Кек қылышы).
2. Қобалжулы.
Ағай жылы жымиып қойып, жайбарақат қалып танытқанымен, оның іштей қатты толқулы екенін аңғару қиын емес-ті (Қ.Омаров, Әке).
Ол менің толқулы күйімді сырттан байқап тұрса керек, анадайдан маған қолын созды (С.Омаров, Дала қызы).