lat: TOLYQ
с ы н. 1. с ө й л. Толы.
Қайдағы су, түнде өз қолымызбен осында жинадық, қаптардың бәрі толық болатын (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
Мектептен қайтарымда азық-түлік дүкенінің жанынан ұшырасады, қолындағы сумкасы толық болады (А.Жұмаділдин, Сең.).
2. Толыққанды, жеткілікті.
Біз егер өзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан көріністерін бақыламасақ, біздің жан көріністері туралы біліміміз толық болмас еді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Һәр уақытта балаларды толық жауап беруге әдеттендіру керек. Мақаланы бөліп оқытқанда, Һәр сөйлемді, һәр балаға оқыттырарға, сауалдарды да әрқайсысына кезек берерге керек. Әр бала оқығанда басқалары зерттеп кітаптарына қарап отырарға керек (М.Дулатов, Шығ.).
3. Етжеңді келген, семіз.
Өзі толық, ірі сүйекті, қызыл шашты, бетінде сары секпілі бар, көзі көк, жасы отыздың шамасында болса керек (С.Шарипов, Шығ.).
Өрешенің алдында, толық келген ақсары әйел бауырсақ кесіп отыр екен (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).