з а т. 1. Белгілі бір шығарма басылымының жеке бір кітабы. Кезінде ол да әжептәуір дәреже еді, бүкіл бір ауданда өзінен білімі артық бір-екі ғана мұғалім болатын. Оған қоса өз бетімен оқып, көптеген т о м д а р д ы ақтарды (М. Дүзенов, Әке болғым келеді). Баубек стакан толы қаймағын алдына қойып, т о м д а р м е н ғана сырласатын-ды. Бүгін де сол (Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер). Әуелде жай ғана машық үшін екі-үш т о м проза жазып тастаймын (М.Мағауин, Мен). 2. и н ф. Файлдық жүйе пайдалану үшін дискінің бөліп- белгіленген бөлімі немесе бөлімдер жиынтығы.