lat: TONAL
е т. 1. Ұры-қарыға жем болу, барынан айырылу.
Гарбер басқарған жүзге таяу жауынгер қорғаушысы бар, орыстың Хиуа мен Бұхараға бара жатқан сауда керуені Астрахан атырабында тоналған-ды (I.Есенберлин, Жанталас).
Өзінің қара басы келгені болмаса, қасы жоқ ерге отырып, ат үстінде тірідей тоналғандар да көп-ақ (К.Оразалин, Кеңбайтақ).
2. а у ы с. Абыройынан айырылу, масқараға ұшырау.
Жазықсыздан жұрт алдында тірідей тон алып, масқара болған Әбішті арашалап алғысы келіп, қатты күйініп сөйледі (М.Дүйсенов, Меймандар).
3. а у ы с. Дәнеңесі қалмау, жұрдай болу.
Әйтпесе мен сенен айырылар ма едім, мен сенен ғана емес, бәрінен айырылып, тоналып келіп отырмын (Р.Тоқтаров, Тұлпар.).
Еділ мен Жайық арасы – Қашаннан қоныс қайырсыз; Ноғайлы босып тоналған, Жеті жұрт көшіп жол алған – Аяғын соның құшырды (Ы.Шөреков, Исатай-Махамбет).