Топтау

lat: TOPTAÝ

Топта етістігінің қимыл атауы.

Ол қойшы, етікшілер тобынан кедейлер ұйымын топтауды қолға алды (С.Бегалин, Замана.).

Мен әсте олай деп отырғам жоқ. Қазір қазақ әдебиеті бас-аяғын жинап, күш топтау үстінде (Қ.Жұмаділов, Саржайлау).

Топтау [кодтарды ықшамдау] әдісі. и н ф.<ағыл. convolution method> Кездейсоқ араластыру әдістерінің бірі [Іздестіру нышаны кілті цифрларының тізбегі бүтін сан ретінде жинақталып, екі немесе үш бөлікке бөлінеді және алынған қосынды немесе ізделінетін жазба орналасатын оның бөлігі бөлімнің адресі ретінде пайдаланылады ]