lat: TOPTAǴYSH
с ы н. Топ құрушы, ұйымдастырушы, басын біріктіруші.
Қызықсың ғой, адам сен, Сен өзіңді ғажаппын деп сенесің. Қарның ашса сынағышсың, шешенсің. Топтағыш та, бастағыш та, көсемсің (Ә.Тәжібаев, Жартас).
Біз де Копыловоны, өз маңына адам топтағыш асыл жан Василь ағаны, тіпті анау Мильданы, бәр-бәрін қимай, әзер аттандық (Ж.Жұмаханов, Шұбартау.).