Топтастыру

lat: TOPTASTYRÝ

Топтастыр етістігінің қимыл атауы.

1. Біріктіру.

Сәкеннің қайтпас қайсар табандылығы, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті өз төңірегіне жас әдеби күштерді топтастыруына көмектесті (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).

2. Ұйымдастыру, құрау.

Коллективті топтастыруда басшылықты ылғи біреулерге беріп қою да орынсыз («ҚазақсТ. мект.»).

3. Қатарына тарту.

Ол үшін біз орыс жұмысшыларының төңірегіне қазақ жалшыларын неғұрлым берік топтастыруды мойынға алуымыз керек (Б.Мәдиев, Өрендер).

Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интеллигенцияны біртұтас саяси ұйымның төңірегіне топтастыру болды («Егемен Қазақстан»).

4. Жинау, жинақтау.

Қазақстан үкіметі ұлттық мәдени мұраны талғайтын комиссия құрамы қатарына маман фольклоршыларды қатыстырып, еліміздегі және шет мемлекеттердегі қазақ ауыз әдебиетін жинау, оларды М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорына топтастыру мәселесін шешсе, дұрыс болар еді («Қаз. әдеб.»).

Платон Афинада өзінің Академиясын ұйымдастырып, оған көптеген сол кездегі білгір ғұламаларды топтастырды (Н.Баяндин, Ғасырлар.).

5. и н ф. <ағыл. grouping> Біртектес қасиеттеріне сай бір жүйеге келтірілетін объектілерді өзінше дербес жаңа объект-топтарға біріктіріп жүйелеу.