Топырақ

lat: TOPYRAQ

з а т. 1. Жердің сыртқы, үстіңгі жұмсақ қабаты.

Жер жыртып жүрген тракториске жердің топырағы біркелкі тегіс, төңкеріліп жатуы әдемі көрінеді (Е.Байзақов, Еңбек).

Оны төрдегі төсек үстіндегі ақ құс жастыққа қойдым да ауызғы бөлмеге шығып, қолымның топырақ шаңын жудым, ізімше қайта кірдім (Қ.Қамбаров, Әке).

2. э к о л. Атмосфераның, литосфераның, биосфераның және физикалық, химиялық, биологиялық процестердің әсерінен түзілген жер қыртысының борпылдақ беткі қабаты (Т.Қалыбеков, Экология.).