Тоқаш

lat: TOQASH

з а т. 1. Қалыңдау етіп жайылған қамырды әртүрлі етіп кесіп, майға пісірген бауырсақ.

Баданадай болып, майға піскен болпылдақ тоқаш жерге бұршақша төгілді (С.Бақбергенов, Қайран.).

Хош, қайдан оралдың, той тарқады ма? дейді үй иесі қонақтың алдына дастарқан ортасындағы тоқаш пен құртты ысырып жатып (Б.Шаханов, Ғашық.).

2. Қалыңдау етіп, тандырға пісірілген кішкене дөңгелек нан.

Естай арбаның арт жағындағы қапшықты әкеліп, ішінен үлкен банкіге құйылған қымыз бен пісірілген ет, бірнеше ақ тоқаш шығарды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Отанның барлық балалары ақ тоқаш тәтті нан жесін деп, тау-тау астық тиелген баржаларды сүйретеді (Ә.Нұршайықов, Батыр.).