lat: TOQSANDYQ
с ы н. 1. Шаруашылық жылының төртен бір бөлігіне тән, соған сай.
Тоқсандық тапсырмасының бас-аяғы жиналмай жатқан Асайын бүгін жұмыстан кейін де кеңседе қалып, біраз іс тындырды (Ө.Қанахин, Бақыт.).
2. п е д. Оқу-ағарту жылының бір ширегіндік, соған тән.
Тоғызыншы кластардың сабақ үлгірімі өткен педсоветте, тоқсандық қорытындыға арналған отырыста, көп сөз болған-ды (Ж.Өмірбеков, Қызылсу).