lat: TOQYM
зат. Аттың арқасына ер батпас үшін терліктің үстіне, ердің астына төселетін ер-тұрман әбзелі.
Білігі, бітімі де бөтен екен,
Бар күні мал соңында өтеді екен.
Ерін – жастық, тоқымын төсеніш етіп,
Белін шешпей, қисая кетеді екен (2,109).
Сары үзеңгі сарғайып, тат басыпты,
Сырма тоқым шаңменен баттасыпты.
Қанжығасын қарақшы тышқан тонап,
Көкпар қылып жан-жаққа ап қашыпты (1,297).