Тоқыма

lat: TOQYMA

с ы н. Бізбен, шимен шалып тоқыған, тор көзді.

Бәрі де түрлері қара қошқылданып күнге күйген, үстерінде жеңіл киім, джинси шалбар мен қысқа жеңді тоқыма көйлектер (І.Есенберлин, Маңғыстау.).

Тоқыма қорап. Тоқыма жаңа қорапта екі адам отыр, бастарында қызыл жиекті картоздары бар. Шаңнан беттері көрінбейді. Қызыл жиек картоздары сары шаңның ішінде өздері жүзіп келе жатқан сықылды (М.Жұмабаев, Шығ.).