Тор

lat: TOR

з а т. 1. Өрмекшінің айқыш-ұйқыш тоқыған заты, өрмекші шылауы.

Бұрыш-бұрышта өрмекшінің торлары самсып тұр (А.Жүнісов, Өмір ізі).

2. Жіптен кереге көздендіріп, шаршылап тоқылған зат, ыдыс.

Кешегі уыс ақшасына үлкен екі тор толы үнді шай алғызыпты (М.Тиесов, Дала перзенті).

3. Темір кереуеттің кереге көзденіп, шынжырланып тоқылған сым темірі.

Тоқсаба сылқ отырғанда темір төсектің торы майыса шықырлады (М.Мағауин, Көк кептер).

4. Балық, құс аулайтын ау, тұзақ.

Ақсақ торғайының арманын айтпай-ақ сезген бала торғайын тордан шығарып алды (Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб.).

Сенде бар ондай мінез менде жоқ па? Сарғайған дертсіз ауру елде жоқ па? Құс торға, балық ауға, батыр жауға, Желіккен желді аяққа керме жоқ па? (М.Дулатов, Шығ.).

5. к е н. Електердің, шөктіру машиналарының негізгі бөлшектерінің бірі.

Тор тесігі әртүрлі пішінде жасалады (дөңгелек, төрт бұрышты, сопақша) (Қаз. тілі термин. Кен.).

6. Уақытша қамау, темір қоршау.

Ішінде темір тордың шынжырлаулы, Жатқанын көрмейсің бе қайран халқың. Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды Біздерге енді не бар аянатын (М.Дулатов, Шығ.).

7. а у ы с. Айлашарғы, қақпан.

Ол тоқсан жерден тор құрса да, қылмысы жоқ кісіге бәрібір пәле жоламайды, деп жауап беретін (Қ.Бектұрғанов, Ізгілік жолы).

8. а у ы с. Ой шырмауы, қиялы.

Өзіне ойда жоқтат ап болғаны осы бір қиял торына шырмалып, одан бұлқынып, бұзып шыға алмай отыр (К.Зәкенов, Жанартау).

Балқу оры. х и м. Үстіне түсетін полимер қиқымдарын балқытуға арналған жылжытылмалы тор.