Тордай

lat: TORDAI

с ы н. Тор тәрізді.

Осылай темір тордай болып қатып қалған қалың қол Шыңғысхан тірі кезінде шебін бұзбай шабуыл жасап, бүкіл әлемнің тең жартысын жаулап алған (І.Есенберлин, Жанталас).

Елуді еңсеріп алақандай маңдайын өрмекшінің торындай қарттықтың белгісі әжімнің айқыш-ұйқыш іздері шимайлай бастаған Жұмақыз тағы да күрсініп қойды (Арулар.).