lat: TORMOZ
[г р е к. tormos] зат. 1. т е х. Тежегіш. Көліктердің жүрісін тоқтатуға, бәсеңдетуге немесе тежеуге арналған тетік.
Ылди, еңістен тормоз беріп түсетіндігі сонша, барлық дөңгелектері қып-қызыл от боп кетіпті (Қ.Қазиев, Иманжапырақ).
2. с ө й л. Тіл, ауыз.
Атаңның басына мәз болып тұрсың ба дегім келді де тормызымды баса қойдым (О.Иманжанов, Сыңар кебіс).