lat: TORQA
зат. Жібек жіптен қалыңдау етіп тоқылған қымбат мата.
Ол да осы далада егін салған, мал баққан,
Торқасына оранып, топырағын шаңдатқан.
Үлестіріп жасауын, енші беріп еліне,
Жатыр әне сол дала таңдырдай боп нан жапқан (2,262).
Кентауым, Қазығұртым, Қаратуым.
Әулиеата – әйгілі ақ отауым,
Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,
Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын.
Арыма, Оңтүстігім – бақ Отаным (2,352).