Торқа

lat: TORQA

з а т. 1. Ең қымбат жібек мата.

Іштері Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген (І.Есенберлин, Алмас.).

Той жасап, торқа төсеп шабылмаған, Демек тойдың жабдығы табылмаған Өмір дейтін өзгермес мекеменің Алдында әжем мені қабылдаған (М.Мақатаев, Шығ.).

2. а у ы с. Жанға жайлы, сүйкімді; жұмсақ.

О, торқа мекен туған жерім! Еркін көшіп, ел жайлаған қадірлі өлкем (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Келдік біз... Жайқал да жай жапырағыңды, Жайнатар жаз әкелдік атырабыңды. Біреуі туысыңның қазақ ұлы, Жата қап сүйдім торқа топырағыңды (С.Сейітов, Жаңғырық).

3. ж е р г. Кенеп.

Торқа сөзі бұл елде жібек мағынасында қолданылатын еді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).