1 з а т. 1. Сары майды еріткенде ыдыстың түбінде қалатын тұнба қалдық. Сары майды қайнатқаннан кейін оның түбінде т о р т а деп аталатын қоймалжың тұнба бөлініп қалады (Д. Қатран, Қазақтың дәстүрлі ас-тағам.). Дастарқандағы т о р т а с ы айрылған май мен қызыл күрең қуырдаққа ауыздарына алмай жатып тойып қалғандай томпия қарайды (Ә. Кекілбаев, Дала.). Отқа қойған табадағы т о р т а майдай еріген тұла бойын әзер деп биледі (Д. Досжанов, Кісі ақысы). 2. а у ы с. Буалдыр, тұман; мұң. Көңілді қына, көзіңді т о р т а басса, күйінсең, өкінсең қайғыңды ұғар, сөзіңді тыңдар жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе, ішке толған қапырықты ... немен сейілтер едің? (Ж.Аймауытов, Шығ.).