2 з а т. з о о л. 1. Етінде тікені көп, кішкене, дене тұрқы 15–17 см, орташа салмағы 150–200 грамдай ұсақ балық. Т о р т а – түбі құмдауыт өзен, көлдер мен баяу ағатын жылы суларда мекендейтін балық (Қ.Қайымов, Суасты.). Т о р т а н ы ң еті онша дәмді, сүйкімді емес; балықшылар шабақ балықтай оны сүйіп жемейді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі). 2. ж е р г. Үлкен ақ балық, сазан балықтың бір түрі. Зайсан т о р т а с ы – су қоймаларында көп таралған, үйір болып топтанып жүретін балық (X.Қыдырбаев, Қазақст.). Каспий теңізінде сазан, т о р т а, майшабақтар өте көп (Б.Мұханов, Қазақст. өсімдік.).